Күні кеше Германияның Лецпциг қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтті. Жаһандық жарысқа 32 елден 900 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Германиядағы байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктеліп келген үздік каратэшілер қатысты. Аталған жарысқа барған солтүстікқазақстандық Мөлдір Қайролла қарсыластарын қоғадай жапырып, күміс жүлдені еншіледі.
Алқатерек ауылында дүниеге келген жас спортшы бала кезінен каратэмен шұғылданады. Жаттығуға деген жауапкершілігі мен табандылығының арқасында ол бірнеше жылдар ішінде аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып, халықаралық додаға жолдама алған. Чемпионат барысында ол бірнеше қарсыласын айқын ұтып, финалда ғана сүрінді. Күміс жүлде де аз олжа емес.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».