«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Шілдеде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 18 189 теңгені құрады.

Оның құрылымында азық-түліктің құны – 10 914 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 275 теңгені құрады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 14 251 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 22 983 теңге және (қыздар) – 17 609 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар үшін – ер адамдар – 21 752 теңге және әйелдер – 17 278 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 17 036 теңге.

Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 18 276 теңгені, Петропавл қаласы бойынша 18 035 теңгені құрады.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp