«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН КҮРТ СУЫТАДЫ

“Казгидромет” РМК деректері бойынша облыс аумағында 18-19 ақпан күндері ауа температурасы түнде – 25-30, кей жерлерде 33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануды ұсынады. Өз іс-әрекеттеріңізді көбінесе қонысжайда болатындай етіп ұйымдастырыңыздар, балаларды ерекше бақылауға алыңыздар, елді мекендерден тыс жерге шығуды шектеңіздер, осы ақпаратты көршілеріңізге хабарлаңыздар, науқас жандар мен қарт адамдарға көмек көрсетіңіздер.

Облыстық төтенше жағдайлар  

жөніндегі департамент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp