«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН КӨЗІНДЕЙ КҮЛІМДЕГЕН…

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Шуақты аллея” атты көрме өтті.

Көрменің басты кейіпкерлері – балалар. Бұл балалардың жастары әртүрлі болғанымен, тағдырлары бір. Жарық дүниеге ерекше болып келген жеткіншектер Даун синдромы атты туабітті дертке шалдыққан. Созылмалы дерттеріне қарамастан, олардың өзге балалардан еш айырмашылығы жоқ. Қызығушылықтары әр алуан. Бірі сурет салуды ұнатса, екіншісі ән айтқанды жанына жақын көреді.

Көрмеге қызылжарлық фотосуретші Наталья Халикованың еңбектері қойылған.  

– Көрме арқылы Даун синдромы сырқатына шалдыққан балаларға қатысты қалыптасқан таптаурынды пікірді жойғымыз келді. Осындай дертке шалдыққан балалары бар ата-аналарға диагноздан қорықпай, баланың жан-жақты дамуына септесу қажет екендігін айтқымыз келді, – дейді көрмені ұйымдастыруға ұйытқы болған Татьяна Дель.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp