«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы күн батареясынан электр қуатын алуды жоспарлап отыр. Соған орай “Teppa Coло” EATCGmbH компаниясының өкілдері өңір басшысы Ерік Сұлтановтың қабылдауында болып, Тайынша ауданында орнатылатын күн панельдері қондырғысының жобасымен таныстырды.

Аталмыш компания бұл жобаны “Еуро Инвест” компаниясымен бірге жүзеге асырмақ. Олардың ақпаратына қарағанда, мұндай жобалар Египет пен Мароккода қарастырылуда. Жоспар бойынша орнатылатын панельдер 25 мегаватт электр қуатын өндіретін болады. “Teppa Coло” EATCGmbH компаниясы осы мақсатта біздің облысқа 37,5 млн. еуро инвестиция құймақ. Жоба бойынша 5-10 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Шетелдік инвесторлардың сөзіне қарағанда, күн батареялары үстіміздегі жылғы тамыз айында пайдалануға беріледі.

  (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp