«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ

«Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Матч тең нәтижемен аяқталды.

Матч бастала сала, яғни 6-минутта астаналықтар күтпеген жағдайға тап болды. Команданың тәжірибелі жарты­лай қорғаушысы Александр Нойок өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ елор­далықтар жылдам ес жиды. 28-минутта Елисей Горшунов қақпашымен бетпе- бет шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібер­меді.

Екінші тайм қарқынды басталды. 51-минутта Назми Грипши пенальти­ден мүлт кетпей, алаң иелерін алға шығарды. Екі минут өткен соң Усман Камара қақпаны дәл көздеп, есепті 3:1-ге жеткізді.

Дегенмен «Қызылжар» берілмеді. 74-минутта бразилиялық шабуылшы Ра­фаэль Сабино есепті қысқартты. Ал 79-минутта Сенин Себаи мергендік та­нытып, ойынның соңғы нүктесін қойды .Бұл тең нәтижеден кейін «Астана» 34 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасында­ғы бірінші орынды сақтап қалды. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен турнир кес­тесінің орта тұсына жайғасты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp