«Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Матч тең нәтижемен аяқталды.
Матч бастала сала, яғни 6-минутта астаналықтар күтпеген жағдайға тап болды. Команданың тәжірибелі жартылай қорғаушысы Александр Нойок өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ елордалықтар жылдам ес жиды. 28-минутта Елисей Горшунов қақпашымен бетпе- бет шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.
Екінші тайм қарқынды басталды. 51-минутта Назми Грипши пенальтиден мүлт кетпей, алаң иелерін алға шығарды. Екі минут өткен соң Усман Камара қақпаны дәл көздеп, есепті 3:1-ге жеткізді.
Дегенмен «Қызылжар» берілмеді. 74-минутта бразилиялық шабуылшы Рафаэль Сабино есепті қысқартты. Ал 79-минутта Сенин Себаи мергендік танытып, ойынның соңғы нүктесін қойды .Бұл тең нәтижеден кейін «Астана» 34 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасындағы бірінші орынды сақтап қалды. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсына жайғасты.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».