«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күш атасын танымас

Петропавлда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен чемпионат өз мәресіне жетті.

Бұл жолы боз кілемге құқық қорғау органдарының 150-ге жуық қызметкері шықты. Олар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі күш құрылымдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы мен қоян-қолтық ұрыстың әдістерімен кәсіби деңгейде айналысуына баса назар аударуда. Өйткені, бұл әдістер олардың өзін-өзі қорғауына, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың жеке басына қауіп туғызып отырған тұлғаларды залалсыздандыруға, олардың бойында батылдық, тапқырлық пен бастамашылдықты қалыптастыруға бағытталған. Қоян-қолтық ұрысты күш құрылымдарының барлық қызметкерлері меңгеруі тиіс, – дейді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев.

Екі күндік сайыстың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте үшінші орынды облыстық ішкі істер департаменті аппаратының командасы иеленді. Екінші орын Петропавл қаласының ішкі істер бөлімінің командасына берілсе, бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының командасы еншіледі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp