«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ БІРІКСЕ, КҮРЕСУ ОҢАЙ

Қылмыстардың түр-түрі көп болатыны жаңалық емес. Алайда, көпжылғы тәжірибелерге сүйенсек, такси жүргізушілеріне қастандық жасалуы, ломбардтарды тонау сияқты қылмыстар жиі қайталанатыны белгілі. Сондықтан облыстық ішкі істер департаментінде өткен басқосуға ломбардтардың және таксомотор парктерінің иелері мен басшылары шақырылып, олармен департаменттің және қалалық ішкі істер басқармасының басшылары, криминалдық және әкімшілік басқармаларының, департаменттің техникалық қызмет бөлімшесінің қызметкерлері әңгіме өткізді.

Кездесуге, сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалиев пен жолаушылар көлігі секторының жетекшісі Дулат Шарапиденов қатысты.

Басқосуда қаралған мәселенің жүгі жеңіл емес. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов анықтап айтып берді. Өйткені, бұл екі салада орын алып отырған қылмыстарды назардан тыс қалдыруға болмайды. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың көктемінде Петропавлдың шеткі аймақтарының бірінде такси жүргізуші қыз қылмыскердің қолынан қаза тапқанды. Ақыры қылмыскер анықталып, ұсталды. Оны құрықтауда “Апельсин” такси ұйымының қызметкерлері Е. Боломытцев пен М. Мартовицкий құқық қорғаушыларға көмек көрсетті. Осы жәрдемдері үшін басқосуда екі азаматқа Алғыс хаттар тапсырылды.

Екінші мәселе ретінде ломбардтарды тонау бойынша қылмыстар талқыланды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp