«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ БІРІКТІРУ КЕРЕК

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камаловтың төрағалығымен селекторлық режімде өткен жедел кеңесте ведомстволық бөлімшелер мен өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылары хабарлама жасап, биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыланды, сондай-ақ алда тұрған міндеттер айқындалды. Жиында қызмет барысындағы түйінді мәселелер туралы айтылып, оларды талқылауға барлық қызметкерлер белсене атсалысты, алдағы мақсаттарға жету жолдарын ұсынды.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Рамиль Камалов департамент жұмысының тиімділігі нақты көрсеткіштер арқылы бағаланатынын атап өтті. “Жұмыстың бірқатар бағыттары бойынша жақсы үрдіс байқалады. Алайда шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Ең алдымен өрттерді, тілсіз жаудан зардап шегушілердің санын азайту міндеті өткір тұр. Сонымен қатар тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан қорғау қажет. Сондықтан осы міндеттерді орындау жолында барлығымыз күш біріктіруіміз керек”, – деді департамент бастығы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp