Қазақстанның барлық өңірлерінде «STOP трафик» операциясының кезекті кезеңі өтті. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараның мақсаты – адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық деректерін анықтау.
Жедел алдын-алу шарасы барысында 48 қылмыс анықталды, оның ішінде 3 факті – саудалау мақсатында бас бостандығынан айыру, екеуі – адам саудасы, 8-і – жезөкшелікпен айналысу, оның ішінде бір дерек кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту. 35 факті жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру және ұстауға байланысты тіркелді.
Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бір тұрғынның өз туысқанының кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікпен айналысуға тартқанынн анықтады. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы, жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жай ұсынғаны үшін 13 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді.
www.inform.kz