Борки кентінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Денсаулық” фестивалі өтті. Спорттық шараға 200-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты.
Бұл күні қатысушылар шаңғы жарысынан сынға түсті. Егер ерлер 1000 метр қашықтықты еңсерсе, әйелдер 500 метрді бағындырды.
Сайыс қорытындысы бойынша машинажасау депосының қызметкері Константин Нетесов жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Надежда Джененко үздік атанды. Ал жаппай шаңғы тебуде Елдос Қабдырашитов пен Антонина Шершневаға тең келер ешкім болмады.
(Өз тілшіміз).