Уәлиханов ауданындағы кәсіпкер Мұрат Абдулов – Кішкенекөл ауылындағы мешіттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен бері оның іші жылы болу үшін көп көңіл бөліп келе жатқан адамдардың бірі. Қысты күндері мешітке жиналған жамағат тоңып қалмасын деп былтыр – 60 тонна, биыл 56 тонна көмір әперді. Мұрат Тоқмағанбетұлы өзі де имандылық жолын ұстанғандықтан, ислам дінін дұрыс насихаттауға көп атсалысады. Бұл бағыттағы жұмысты нығайту үшін аудан орталығынан шалғай жатқан Қайрат және Жасқайрат ауылдарының тұрғындарына арнап “Ислам және өркениет” газетінің он данасын жылда жаздырады.
Мешіт – мұсылман қауымға ортақ үй. Оның жағдайын ойлай жүретін, елдегі тірлік пен бірліктің қамын жасап, дін жолындағы тазалықты сақтауға қосар үлесі бар азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Мұсылман қауымына жасаған жақсы істер Алладан екі есе қайтуға нәсіп етсін деген тілек айтқымыз келеді.
Қайыргелді СМАҒҰЛОВ,
Қожахмет хазірет атындағы
Кішкенекөл мешітінің
қажылар алқасының төрағасы.