«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЕРЕКШЕ

Бүгінгі таңда облысымызда шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл, әсіресе, коронавирус індеті экономикаға кері әсерін тигізіп, кәсіпкерлердің ісі тұралап қалған қазіргі уақытта аса маңызды. Біз бұған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы облыстық филиалының мамандары ұйымдастырған кезекті баспасөз туры барысында көз жеткіздік.

Облыстық филиалдың директоры Мереке Сыздықовтың айтуынша, жергілікті кәсіпкерлерге жаңа шарттармен қаржылық қолдаудың тың тетіктері ұсынылуда. Кредиттік қолдау мөлшері ұлғайып, 6 пайызбен несие ресімдеуге мүмкіндік берілуде.
– Соңғы он жылдың ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында облысымызда 97 млрд. теңгенің 800-ден астам жобасы жүзеге асырылған болатын. Көптеген жергіліті кәсіпкерлер аталмыш бағдарламаның игілігін көрді. Солүстікқазақстандықтар арасында ерекше сұранысқа ие болған бағдарлама тағы бес жылға созылды. Сөйтіп, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Жыл басынан бері бағдарлама аясында біздің қор 87 жобаға субсидия және 115 жобаға кепілдік берді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жақсарта түсуді жоспарлап отырмыз, – деді Мереке Сыздықов.


Үстіміздегі жылы жеңілдікті кредиттерге қол жеткізген компаниялардың қатарында «Агро Профи», «Strong Service», «ЮДИ-дент» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Живая вода» жеке кәсіпкерлігі бар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл серіктестіктер өнім өндірісін кеңейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік алды. Журналистер кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнес-жоспарын жүзеге асырып, өз ісін табысты жүргізіп отырған аталмыш серіктестіктердің жұмысымен танысты.

Мақаланың толық нұсқасымен газетіміздің келесі санынан таныса аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp