«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕР БҰЛ КҮНДІ КҮТТІ

Теңгенің айырбас бағамы нарық сұранысын, ішкі, сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып, жаңаша қалыптастырылды. Қазақстандағы бизнес ортаның бәсекеге қабілетті болу қажеттігін жақсы түсінеміз, бірақ Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамының күрт төмендеуі біздің тауар өндіруші кәсіпкерлердің нарықтағы беделін төмендетті. Қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері сырттан енгізіліп жатқан тауарлардан сапа жағынан олқы түспесе де, сұраныс арзан тауарларға қарай ауысты. Оттың ортасында қалғандай болған отандық кәсіпкерлердің ахуалын сарапқа салған, жан-жақты бақылаған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жедел штаб құрды. Жағдайдың барлығын назарда ұстай отырып, біз орталық аппаратқа өңірдің экономикалық секторындағы жағдайды, агроөнеркәсіптік кешендердің тынысын, тауар өндірушілердің ахуалын хабарлап тұрдық.

Бүгінгі теңгенің еркін айналымға жіберілуі бизнес ортаға оң ықпалын тигізері сөзсіз. Енді біздің тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныс өседі, соның ішінде Ресей нарығы да қызығушылық танытатын болады деп ойлаймыз.  

Жеңіс ҚАЗИЕВ,

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp