«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкерлер жәрдемі

Кәсіпкерлердің қолдауымен Қызылжар аудандық ауруханасына 13 оттегі концентраторы мен пульсоксиметрлер табыс етілді. Сонымен қатар құны 17 миллион теңгені құрайтын өкпені жасанды желдету аппаратын тарту етті.

Бүгінде жергілікті кәсіпкерлер медициналық ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетуде. Әсіресе, провизорлық стационарларға ерекше назар аударуда. Мәселен, жақында Қызылжар ауданындағы 120 орынға шақталған провизорлық стационар медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазір емдеу мекемесінде 55 науқас ем алуда. Ал қауіпті індет өршіген тұста денсаулық сақтау ұйымы 500-ге жуық өңір тұрғынына медициналық көмек көрсеткен. Петропавл қаласындағы провизорлық стационарлардағы орын тапшылығына байланысты аудан тұрғындарына ғана емес, облыс бойынша да науқастарды қабылдағанын айтып өткен жөн. Аталмыш провизорлық стационарда 9 дәрігер мен 40-тан астам медициналық қызметкер еңбек етуде. Аудандық аурухананың бас дәрігері қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін, десе де жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қиын кезде айрықша қолдау көрсетілгенін тілге тиек етті.

– Қолдау көрсеткен аудан және Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге алғысым шексіз. Сын сағатында бізбен бірге болған азаматтарға ризамын. Жергілікті еріктілердің көмегі мен шетелдерден жеткізілген гуманитарлық көмекті де айтып өткен жөн. Жиһаз фабрикасы 15 шағын үстел жасап берсе, іскер әйелдер қауымдастығы медициналық қызметкерлерге азық-түлік әкелді, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Александр Құдайбергенов.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp