«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «СҚО бизнесін қорғау» сайтын (www. zashita – msb.kz) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңын» (www. stop – korrupciya.kz) жасап, іске қосты.

Аталған Интернет-ресурстар өңіріміздің кәсіпкерлерінің қызметіне бақылау-қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының негізсіз араласуы және облыс азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың бұзылуына байланысты түрлі мәселелер бойынша департаментке тікелей хабарласуын көздейді.

Сонымен бірге, бірегей сенім телефоны жұмыс істейді. Сол арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, өктем-зорлық, озбырлық, бопсалау фактілері және лауазымды тұлғалардың басқа да заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлауға болады.

Нұрлан ЖАХИН,

департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру

және жұртшылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp