Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы , облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ облыстық филалдары арасында «Бизнес – әр ауылға» шағын қалалар мен елді мекендердегі кәсіпкерлердің құзыретін арттыру» жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.
Меморандум кәсіпкерліктің дамуына жол ашу мақсатын көздейді. Әсіресе, ауыл тұрғыдарына осы бағытта онлайн кеңеске жағдай жасалады.
Бұл туралы ойын білдірген өңірлік кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов тілшілерге түсінік берді.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов аудандық филиалдарда ақпараттық кеңестер берілетінін және, сонымен қатар, мамандар сервистік қызмет көрсететуге дайын екендігін тілге тиек етті.