«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕР АҚШАСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР

Петропавлда былтырғы тасқын кезінде эвакуациялық пункт тұрғындарын тамақтандырған кәсіпкер әкімдікті сотқа берді. Бұл мәселе облыстық прокуратурада өткен кеңесте талқыланды. Жиында кәсіпкердің өзіне тиесілі қаражатты ала алмай жүргені айтылды. Барлық міндеттемелердің орындалуына және жұмыстардың орындалғандығы туралы қол қойылған актілерге қарамастан, кәсіпкерге қызметі үшін ақы төленбеген. Өйткені келісімшарт қазынашылық органдарында тіркелмеген, салдарынан құжат жарамсыз болып отыр.

– 2024 жылы төтенше жағдай режімі кезінде Петропавл қаласы әкімінің аппараты эвакуациялық пунктте су тасқыны кезінде тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша кәсіпкермен шарт жасасты. Кәсіпкер шарттың талаптарын орындады, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойылды, яғни тапсырыс беруші қабылдады. Алайда келісілген мерзімде төлем жасалмаған, алашағы 29 млн. теңгеден асады. Кәсіпкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Айдос Кеңбейілов.

Маманның айтуынша, мемлекеттік органдар тарапынан атқарылған жұмыс үшін ақша төлемеу жағдайлары артқан. Бұл істердің көпшілігі өткен жылғы көктемгі су тасқыны кезінде жасалған келісімшарттарға қатысты. Орындалған жұмыстардың дәлелдеріне қарамастан сот кәсіпкердің талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp