Уәлиханов ауданының тұрғыны Жақсылық Құсайынов мал шаруашылығын дамытпақ. Ол жергілікті кәсіпкерлікті қолдау орталығы мамандарының кеңесімен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысқан. «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында оқыған соң, қажетті құжаттарды жинап, ірі қара мал сатып алуға 3 миллион теңге несие алды. Бір адамды жұмысқа қабылдаған кәсіпкер алдағы уақытта мал санын көбейтуді жоспарлап отыр.
– Ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, өз істерін дамытуға жақсы мүмкіндіктер жасалған, – дейді ол.