Облыс әкімі Ерік Сұлтанов машинажасау саласы қызметкерлерін кәсіптік мерекелерімен құттықтады.
Машина жасаушылар күніне орай қызметте жетістікке жеткен, өз саласының бір топ майталманы Өңірдің экономикалық дамуына, инновациялық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат алды. Өңір машина жасау кәсіпорындарының төрт қызметкерінің кеудесіне “Құрметті машинажасаушы” төсбелгісі тағылып, тағы төрт адамға Қорғаныс министрінің Құрмет грамотасы табысталды.