«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨБЕНСАЙДАҒЫ САЯБАҚ

Уәлиханов ауданындағы Көбенсай ауылында Тың игерушілер саябағы ашылды. Бір гектарға жуық аумақты алып жатқан бұл саябақ елді мекен тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Айналасына жасыл желек отырғызылып, гүлмен көмкерілді, орындықтар қойылды. Жүргіншілер жолы салынып, балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы орнатылған.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бұл жоба Уәлиханов ауданының құрметті азаматы, меценат Виктор Вовктың қолдауымен жүзеге асырылған. Кәсіпкер 64 млн. теңге қаржы бөлген. Виктор Вовк – Көбенсай ауылының тумасы, белгілі дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі және 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Ол жас кезінде Алматыға қоныс аударғанымен, кіндік қаны тамған ауылын ұмытқан емес. Елді мекеннің көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Мәселен, соңғы жылдары оның қаржылай қолдауымен мектептің спортзалы жөнделіп, жаңа тақталар орнатылды. Білім ордасының аумағын асфальттап, шағын футбол алаңын салып берді. Тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатып, мектепке, шағын орталыққа және медициналық пунктке жаңа техника, жабдықтар жеткізді, су құбырын тартты. Қазір ауыл тұрғындары тіс емдеу үшін аудан орталығына бармайтын болған, ауылда заманауи стоматологиялық кабинет жұмыс істеп тұр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp