«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨГАЛДАНДЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Биыл облыс орталығында 3400 көшет отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары сәуір айының соңында қолға алынбақ.

Облыс орталығындағы ең көрікті әрі кең Нұрсұлтан Назарбаев көшесі қазір жаңа кейіпке енуде. Өткен жылы бұл көшенің бойындағы ескі теректер кесіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің ажары ашылған болатын. Алайда, орталық көшеде отырғызылған қарағай көшеттерінің бірқатары өспей қалды. “Коммунхоз” кәсіпорнының мамандары ағаштарды күтіп, аптасына екі рет суарады. Мамандардың айтуынша, кеуіп қалған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылады.

Өткен жылы 2600 көшет отырғызылды, биыл 3400 тал егілмек. Көшеттер Кондратов және “Ер агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәлімбақтарынан алынады, – деді Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp