«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗДЕГЕНДЕРІ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ

Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары институтын құру туралы” Жарлығының шыққанына жиырма екі жыл толды.

Аталмыш Жарлық жарыққа шыққан күннен бастап Петропавлдағы №2032 әскери бөлімдегі тәлімгерлердің де жұмысы бірізге түскен болатын. Оларға жүктелген міндеттердің де салмағы артты. Сөйтіп, әскердегі моральдықпсихологиялық ахуалды жақсарту, бейбіт күнде адам шығынын болдырмау, жеке құрам арасында теріс қылықтарға бой алдыртпау сынды алдын алу шаралары оң нәтиже беруде.  

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Петропавл қаласындағы №2032 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімшесінің алар орны ерекше. Бөлімше, әсіресе, мемлекеттік шекараның беріктігін сақтауда, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, шекара аумағындағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуда қатаң тәртіпті негізгі тіректеріне айналдыра білді. Олар тапсырылған жұмыстарына аса ыждағаттылықпен көңіл бөліп, оның бірізділігіне, ойдағыдай орындалуына баса мән беруде. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге білікті басшы, подполковник Дархан Шаймұратұлынан бастап, бөлімнің аға офицері Алмас Аутаев пен бөлім бастығының көмекшісі, келісімшарт қызметінің ефрейторы Сәния Төлешова лайықты үлес қосуда. Олардың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік мерекелер, өзге де атаулы күндердің барлығы назардан тыс қалмай, түрлі тақырыпта “дөңгелек үстел” отырыстары, семинарлар, ақпараттық жиындар жиі өткізіліп тұрады.

Өткен жылы табысты еңбек еткен қызметкерлер биыл жаңа жоспарды қолға алып, жұмысқа тың екпінмен кірісті. Олар жылдың басынан бастап, соңына дейін әрбір күнді бос өткізбей, әскерилер өміріндегі тәрбие жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуін, атқарылып жатқан жұмыстарының саны мен сапасының үйлесім табуын қадағалауда. Әскери бөлімнің жеке құрамдары арасындағы татулық пен бірлік, ауызбіршілік – осы бөлімшенің атқарып жатқан жұмысының нәтижесі десек қателеспейміз.

Алтынгүл КУЛЬКИНА,

Петропавл қаласындағы №2032 әскери бөлімнің

мемлекеттік тілді оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp