«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«КӨКНӘР – 2015» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

1 маусымнан бастап солтүстікқазақстандық полицейлер “Көкнәр – 2015” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Операцияның негізгі мақсаты – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіруге қарсы күрестің тиімділігін арттыру.

Облыстың барлық 13 ауданында жедел уәкілдер мен әкімшілік полицейлерден тұратын ұтқыр топтар құрылды. Олар есірткіге байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұловтың айтуынша, “Көкнәр – 2015” операциясының басынан бері облыс аумағында 54 құқық бұзушылық анықталған. 5 килограмға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 12 грамнан астамы – героин.

СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан өңірімізде заңсыз айналымнан 15 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның 800 грамнан астамы – героин.

“Көкнәр – 2015” жедел-алдын алу іс-шарасы қазанның 30-ы аяқталады.

 Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp