Күз орта белінен аспай, қыс өз билігін үстемдік етуде. Қар аралас жауған жаңбыр, ауа температурасының күрт төмендеуі кеше ғана жүріп өткен жолымызды айнадай жалтыратып, көктайғақ басты. Соның салдарынан жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың саны өсуде, дейді №3 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің дәрігері Вали Бедешев.
Күн суытып, қар жауғалы бері облыс орталығында 200-ге жуық адам №3 қалалық аурухананың жарақат пунктінен алғашқы медициналық көмек алған. Оның 6-уының жарақаты күрделі болғандықтан, ауруханаға жатқызылды. Төрт адам далада қалып, аяқ-қолдарын үсітіп алған.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.