«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТАЙҒАҚТА САҚ БОЛЫҢЫЗ

Есіл ауданының Заречный ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың аудан орталығына сапары қайғылы аяқтала жаздады. “Ауди” және “Chevrolet Niva” автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде шетелдік көлік жол жиегіндегі қар суына аударылған. Оқиға орнына келіп жеткен облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен сол маңдағы адамдар аударылған көліктің салонынан жүргізушіні және ес-түссіз жатқан жолаушы әйелді алып шыққан. Полиция сержанты Қанат Фазылов қолдан тыныс алдырып, жүрекке массаж жасаған соң әйел есін жиған. Олар тез арада аудандық ауруханаға жеткізілді. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өткен соң олар үйлеріне жіберілді.

Бүгіндері облыста “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күндері 402 құқық бұзушылық тіркелген. Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауға және жол үстінде мұқият болуға кеңес береді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp