Биыл Қызылжар өңірінде қар жылдағыдан бірнеше есе көп түскендіктен 92 елді мекен тасқын судың зардабын шегуі мүмкін.
Сондықтан бүгіндері қауіпті аймақтарда 240 маман тәулік бойы кезекшілік етуде. Облыс құтқарушылары тасқынға әзірліктерін пысықтап жатыр. Қазір бұл қызметтің қарамағында 45 техника, 11 жүзу құралы, 95 мотопомпа бар екен. Одан басқа өңір бойынша 700-ге жуық техника тасқын суға қарсы күреске дайындалуда.