«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көкшетау-Петропавл жолындағы көлік апатында жүргізуші әйел қаза тапты

Көкшетау-Петропавл күре жолындағы Келлеровка ауылының маңында жол апаты салдарынан жүргізуші әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«10 мамыр күні сағат 07:00 шамасында Петропавл – Нұр-Сұлтан күре жолының 387-ші шақырымында Daewoo Ravon көлігін жүргізіп келе жатқан 1975 жылғы Ақмола облысында тұратын әйел жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда Петропавл тұрғыны жүргізіп келе жатқан «МАЗ» көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Ravon көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды», — деп хабарлады Тайыншы аудандық полиция бөлімінен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp