Шал ақын ауданының жастары мұзда сырғанау акциясын ұйымдастырды. “Ақ бидай” орталық алаңына жиналған отыздан астам өреннің көздеген негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын ұстанып, қысқы спорт түрін кеңінен насихаттау.
Мұз үстінде өтетін байқауға қатысуға өтініш білдіргендердің қарасы қалың болғанымен, алғашқы бөлімде 10 адамнан құралған 5 жұп іріктелініп, екінші кезеңге жолдама алды. Екінші бөлімде конькиші сайысшылар музыка ырғағына сәйкес қимылдау шеберліктері мен жылдамдықтарын сарапқа салса, соңғы бөлімде мәнерлеп сырғанаудың үлгілерін көрсетті. Сыннан сүрінбей өткен жұптар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Зарина ҚОЖАНОВА,
жастар бастамалары
орталығының директоры.
Шал ақын ауданы.