Олимпиада жүлдегері, жерлесіміз Эльмира Сыздықова спорттағы жетістіктері үшін қомақты сыйлықтарға ие болуда.
-Қарағанды облысының әкімі Рио Олимпиадасындағы жетістігім үшін сыйға берген Toyota Camry көлігін әкеме бердім. Ол онымен үйге кетті, — дейді Эльмира Сыздықова. Оның айтуынша, спортшы ең бірінші орынға ата-анасын қояды.
Эльмира өзіне Қарағанды облысының грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға берген Toyota Corolla көлігін қалдырған. Бүгіндері Қарағанды қаласында тұратын спортшы өзінің туған жері Айыртау ауданының Каменный Брод ауылына келіп ата-анасымен бірге демалуды армандайды.
Алайда ол қараша айында Әзербайжанда өтетін Golden Gran Prix Baku халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.«Жақын күндері жаттығуды бастаймын. Маған демалу да зиян», — деді Олимпиада жүлдегері.