«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІГІН ӘКЕСІНЕ ТАРТУ ЕТТІ

Олимпиада жүлдегері, жерлесіміз Эльмира Сыздықова спорттағы жетістіктері үшін қомақты сыйлықтарға ие болуда.

-Қарағанды облысының әкімі Рио Олимпиадасындағы жетістігім үшін сыйға берген Toyota Camry көлігін әкеме бердім. Ол онымен үйге кетті, — дейді Эльмира Сыздықова. Оның айтуынша, спортшы ең бірінші орынға ата-анасын қояды.

Эльмира өзіне Қарағанды облысының грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға берген Toyota Corolla көлігін қалдырған. Бүгіндері Қарағанды қаласында тұратын спортшы өзінің туған жері Айыртау ауданының Каменный Брод ауылына келіп ата-анасымен бірге демалуды армандайды.

Алайда ол қараша айында Әзербайжанда өтетін  Golden Gran Prix Baku  халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.«Жақын күндері жаттығуды бастаймын. Маған демалу да зиян», — деді Олимпиада жүлдегері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp