Үстіміздегі жылдың басынан бері өңірімізде жолаушы тасымалдаушы көліктердің қатысуымен 12 жол-көлік апаты тіркеліп, 12 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты. Жуырда жергілікті полиция қызметкерлері жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесіп, жол-көлік апаттарының алдын алу мәселелерін талқылады.
Жиын барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбек ету мен демалу тәртібі, олардың бағытқа шығар алдындағы медициналық тексерістен өтуі, көліктердің техникалық жағдайы сөз болды. Әкімшілік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол апатынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсете білуі қажеттігін де еске салды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің
аға инспекторы.