Есіл аудандық сотының төрағасы Қайрош Әлнәзіров жүргізушілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды сотта қарау жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.
Жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 117 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қаралған. Арақ ішіп, есірткі қабылдап, көлік басқару және осындай жағдайдағы адамға рөлді беру, өзге көліктерге, жүктерге, жол құрылыстарына немесе басқа мүліктерге материалдық залал келтіріп, жол қозғалысы ережесін бұзу, жүргізушінің жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайдағы тиісті шараларды қолданбауы бойынша істер көп қаралған.
Сот отырысында 116 тұлғаның жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша кінәлары дәлелденді. Осы орайда, 31 тұлға отыз күнге дейінгі әкімшілік қамауға алынды, тоғызына әкімшілік айыппұл салынды және 76 тұлға алты жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды.
(Өз тілшіміз).