«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ

 

Кеше таңертең Петропавлда автокөлік өртенді. 

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, “101” телефон нөміріне Әуезов және Индустриалды қысқа көшелерінің қиылысында “Уаз-349” маркалы автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға №2 және №4 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар төтенше жағдай орнына жеткен кезде көлік толықтай отқа оранған екен. Өртсөндірушілер жалынды жиырма минуттың ішінде ауыздықтағанымен, көлік түгел жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт жанармай жабдығының бұзылуынан болған. 

Департамент мамандары барлық көлік жүргізушілерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Көліктің техникалық жай-күйін, әсіресе, электр сымдарын ұдайы тексеріп отыру қажет. Оқыс оқиға орын алған жағдайда бірден “101” немесе “112” телефон нөмірлеріне хабарласқан жөн.
 

Сурет http://sqo.emer.gov.kz/
сайтынан алынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp