Біздің елде негізінен рулі сол жақта орналасқан автокөліктер жүреді, сонымен қатар оң рульді көліктер де пайдаланылады. Республикамызға оң рулі бар автомобильдер әкелінсе, оларды сол жаққа ауыстыру керек. Әрине, көлік құралына өзгерістер енгізу, ең алдымен, жүргізуші мен оның жолаушыларының қауіпсіздігі үшін қажет.
2020 жылғы 26 маусымда ҚР СТ 1418-2018 “Автомотокөлік құралдары, конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер және техникалық талаптар” (бұдан әрі – ҚРСТ 1418-2018) деген тақырыпта ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық комиссиясының отырысы өтті. Түзетулер басқару органдарының орналасуын оң жақтан сол жаққа қарай қайта жабдықтау бөлігінде енгізілді, сондай-ақ, сынақ әдістеріне нормативтік сілтемелер, жүргізуші орындығын реттеуге, ішкі жабдықтың жарақат қауіпсіздігіне, тікелей емес шолу құрылғыларымен, дыбыстық, сигналдық аспаптармен, желдеткіштермен, жылыту және кондиционерлеуге, шыны тазалағыштарға қойылатын талаптарды нақтылау және толықтыру, борттық диагностика жүйесімен диагностикаланатын қателердің болмауы және т. б. бөлігінде талаптар қайта қаралды.
ҚР СТ 1418 түзетулерді қарау бойынша кеңес өткізу кезінде енгізілетін түзетулерді түсіндіру және сынақ зертханаларын аккредиттеу саласын кеңейту қажеттілігі мақсатында аккредиттеу субъектілері, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдар қатысты.
Жалпы стандарттың тиісті бөлімі қайта жабдықтаудың жоғарыда көрсетілген түріне сұраныстың болмауына байланысты оң рульді көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салынғаннан кейін 2008 жылдан бастап іс жүзінде қайта өңделмеді. Осыған байланысты үшінші елдерден әкелінген көлік құралдарының сәйкестігін бағалау мақсатында стандарт ережелерін қолдану мақсатында әзірлеушілер сынақ әдістеріне нормативтік сілтемелер бөлігінде талаптарды өзектендіруді жүргізді.
Жоғарыда көрсетілген түзетулер нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының сайтында www.egfntd.kz және стандарттардың ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде жарияланды. Толығырақ ақпаратты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінен алуға болады.
Азамат КӘРІМОВ,
Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор.