«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлік руліне қатысты өзгерістер

Біздің елде негізінен рулі сол жақта орналасқан автокөліктер жүреді, сонымен қатар оң рульді көліктер де пайдаланылады. Республикамызға оң рулі бар автомобильдер әкелінсе, оларды сол жаққа ауыстыру керек. Әрине, көлік құралына өзгерістер енгізу, ең алдымен, жүргізуші мен оның жолаушыларының қауіпсіздігі үшін қажет.

2020 жылғы 26 маусымда ҚР СТ 1418-2018 “Ав­то­мо­токөлік құралдары, конструкцияға өзгерістер ен­гізу. Жалпы ережелер және техникалық талап­тар” (бұ­дан әрі – ҚРСТ 1418-2018) деген тақырыпта ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология ко­мите­тінің стандарттау саласындағы ғылыми-тех­­никалық комиссиясының отырысы өтті. Түзету­лер басқару ор­гандарының орналасуын оң жақтан сол жаққа қарай қайта жабдықтау бөлігінде енгі­зілді, сондай-ақ, сы­нақ әдістеріне нормативтік сіл­темелер, жүргізуші орындығын реттеуге, ішкі жаб­дықтың жарақат қауіп­сіздігіне, тікелей емес шолу құрылғыларымен, ды­быстық, сигналдық аспап­тармен, желдеткіштер­мен, жылыту және конди­ционерлеуге, шыны тазала­ғыштарға қойылатын талаптарды нақтылау және толықтыру, борттық диагностика жүйесімен диаг­нос­тикаланатын қате­лердің болмауы және т. б. бөлі­гінде талаптар қайта қаралды.

ҚР СТ 1418 түзетулерді қарау бойынша кеңес өт­кі­зу кезінде енгізілетін түзетулерді түсіндіру және сы­нақ зертханаларын аккредиттеу саласын ке­ңейту қа­жеттілігі мақсатында аккредиттеу субъек­тілері, стан­дарттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық ор­гандар қатысты.

Жалпы стандарттың тиісті бөлімі қайта жабдық­таудың жоғарыда көрсетілген түріне сұраныстың бол­мауына байланысты оң рульді көлік құрал­дарын айналымға шығаруға тыйым салынғаннан кейін 2008 жылдан бастап іс жүзінде қайта өңдел­меді. Осы­ған байланысты үшінші елдерден әке­лін­ген кө­лік құралдарының сәйкестігін бағалау мақ­сатында стандарт ережелерін қолдану мақса­тын­да әзірлеу­шілер сынақ әдістеріне нормативтік сіл­темелер бө­лігінде талаптарды өзектендіруді жүр­гізді.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер нормативтік-тех­никалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қо­рының сайтында www.egfntd.kz және стандарт­тар­дың ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде жария­лан­ды. Толығырақ ақпаратты ҚР СИМ Техникалық рет­теу және метрология комитетінің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша департаментінен алуға бо­лады.

Азамат КӘРІМОВ,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp