«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

Петропавлдағы Интернацио­нал көшесінде келе жатқан “Toyota-Chaser” автокөлігінің жүргізушісі жүргіншілер жолағымен көшені қиып өтпек болған 22 жасар жігітті қағып кетті. Салдары­нан 1998 жылы туған азамат түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша материал жиналып жатыр.

Жігіттің миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымын алған. Жалпы, соңғы үш күнде Петропавлдағы №3 аурухананың жарақат бөлімшесіне 137 адам қаралса, соның төртеуі – көлік апатынан зардап шеккендер.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp