«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЛІК ҰРЛАП, ҚЫДЫРҒАН…

Облыстық ішкі істер департаментінің бастамасымен өңірімізде 15 қаңтардан бастап “Мас жүргізуші – қылмыскер” шұғыл-алдын алу шарасы өтуде. Бұл мақсатқа қалалық және аудандық жол-патрульдік полициясы бөлімдерінің бүкіл ішкі құрамы жұмылдырылды. Полицейлер алғашқы тәуліктің өзінде ғана жол қозғалысы ережелерінің бұзылуының 326 оқиғасын тіркеді. Мас күйде көлік жүргізген адамдар да анықталды.

Ал мына оқиға тіпті де ақылға сыймайды. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына Жұмысшы кентінде көліктің қолды болғаны туралы шағым түскен. “ВАЗ-2101” машинасын біреу мініп кеткен. Хабар алған полиция қызметкерлері нөмірі мен түр-түсі белгіленген көлікті жедел іздестіре келе, оны мініп кеткен адамды Панфилов көшесінде тоқтатқан. Ол Аққайың ауданының 45 жастағы кісісі болып шықты. “Қонақ” ішімдікке сылқия тойып алған екен. “Қызып” алған көлік ұрлаушы қалалық әкімшілік соттың үкімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp