«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМЕГІН ҰСЫНДЫ

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау ерекше. Соның нәтижесінде өз ісін бастаған кәсіпкерлер де несібеден құр алақан емес. Соңғы жылдары өңірімізде әйелдер кәсіпкерлігі де кең өріс алып отырғанын айту – ләзім. Соның бір дәлелі жақында Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Әлима Мұқышева дәмхана ашты.

Ол ісіне ерекше қолдау білдірген аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне дән риза екенін айтады. Аудан орталығында ашылған шағын дәмханаға келушілердің қатары қалың. Сұраныс пен ұсынысты қамтамасыз еткен кәсіпкер болашақта дәмхананы кеңейтуді жоспарлауда. Ал әзірге 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тамақтану орнын ашу үшін іскер әйел 1,5 миллион теңге жұмсаған.

– Біздің кеңесшілеріміз кәсіпкерге барлық рұқсат алу құжаттарын дайындауға, өзге де мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсетті. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуда және салықтық есеп беру бойынша да өз көмегімізді ұсындық, – дейді аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Нұржанат Шәрімов.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp