Қызылжар өңіріне көршілес облыстардан 200 полиция қызметкері келді.
Олардың міндеті – Қазақстан және Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге солтүстікқазақстандық әріптестеріне көмектесу. Сонымен қатар көлік колонналарын бастап жүретін автопатрульдердің қосымша экипаждары да тартылыпты. 9 қараша күні Жамбыл көшесінде форумның негізгі шарасы өтетін аумағын ғана жабу жоспарланған. Басқа көшелердегі көлік қозғалысы әдеттегідей болады деп күтілуде.