“Мектепке жол” акциясы ауданымыздың әр білім беру мекемесінде жүзеге асырылды.
Әр елді мекенде мектепке қажетті тауарлардың жәрмеңкелері ұйымдастырылып, олар арзандатылған бағамен сатылды. Акцияға аудандағы барлық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, педагогтер жұмыла атсалысып, 291 оқушының мектепке баруына жағдай жасады.
Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті де аталмыш ұйымның көпбалалы және аз қамтылған отбасылары бар мүшелеріне көмек көрсетті. Нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің 92 баласына 428 мың теңгеге оқу құрал-жабдықтары алынды. Осындай көмек әлі де жалғасатын болады.
Дулат ЖАРҚЫНБАЕВ,
аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Шал ақын ауданы.