
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Операция облыс орталығында ғана емес, үш күн бойы облыстың барлық 13 ауданында жүргізілді.
Операция аясында Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бескөл ауылындағы көпбалалы отбасылардың біріне қайырымдылық көмек көрсетті. Ақсариндер отбасында төрт ұл өсіп келеді. Үлкені 13-те болса, көпейлері 3 жаста. Оларды аналары тәрбиелеуде. Оқуларын жақсы оқып, ұмтылыстарын арттыру үшін тәртіп сақшылары оларға азық-түлік, кеңсе тауарларын, киімдер, ойыншықтар әкеліп берді.
-«Жасөспірім» іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандармен ғана емес, оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау. Сонымен қатар жауапқа тартып қана қоймай, жағдайлары қиындау отбасыларға көмек қолын созу, — деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Айдар Оспанов.