«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨНЕ ДАСТАН ЖЕЛІСІМЕН СУРЕТ САЛДЫ

Петропавлда «Қозы Көрпеш және Баян сұлу» эпосына иллюстрация жасау бойынша байқау өтті.

Қаңтар айында жарияланған сайысқа бейнелеу өнеріне машықтанып жүрген 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысып, 100-ге жуық туынды комиссия назарына ұсынылды. Қазақ халқының көне дастанының сюжеті бойынша сурет салу үшін балалар мен олардың ұстаздары жан-жақты ізденіп, басты кейіпкерлерді түрлі әдіспен бейнелеуге тырысқан. Олардың арасынан таңдап алынған 50 шақтысы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған көрмеге қойылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp