«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПКЕ КӨМЕК – ҚАДІРЛІ ІС

Осыдан бірнеше жыл бұрын облыс орталығында “Аялы алақан” әлеуметтік дүкені ашылған болатын. Көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға бүгінде көп қолдау көрсетіп отырған дүкеннің ұйымдастырушыларына айтар алғысым шексіз. Өзім көпбалалы анамын. Айына бір рет әлеуметтік дүкенге барып, балаларға қажетті киім-кешек алып тұрамын. Ең бастысы, бұл жерде барлығы тегін. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін өз іздегенін осы дүкен сөресінен таба алады. Киім-кешек, ыдыс-аяқ, қолдан жасалған түрлі әдемі бұйымдар, тіпті, ойыншыққа дейін бар.

Осындай әлеуметтік дүкендер қазір бірнеше ауданда ашылғанын естіп, қуанып қалдым. Өйткені, мұндай дүкендердің көпбалалы аналарға тигізер пайдасы зор. Қызылжар қаласында бір емес, бірнеше осындай дүкен ашылса да артық емес.  

Алмагүл ҚҰСЕНОВА,

көпбалалы ана.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp