Мемлекеттік бағдарламамен үй алған облыс орталығының тұрғындары өткен жылдың желтоқсан айында берілуі тиіс баспаналарына қол жеткізе алмай келген болатын. Мердігер компания тұрғын үйге инженерлік коммуникацияны тартып үлгемегендіктен, баспананы уәделі уақытта тапсыра алмай, иелерін әуре-сарсаңға салған еді. Бүгінде көпқабатты үйге жылу, жарық, кәріз сияқты қажетті құрылымдар тартылып, 51 отбасы көптен күткен пәтерге қол жеткізді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 114 пәтерлі тұрғын үй толық пайдалануға дайын.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталмыш мәселені бақылауға алып, жауапты мекемелерге мамырдың 20-сына дейін тұрғын үйдің пайдалануға беруілуін қадағалауды тапсырған болатын.