«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Облыстық филармония өнерпаздарының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне арналған онлайн концерт өтті.

Мәдени шарада Еркебұлан Қарыпов “Қазағым-ай”, Біржан Есжан “Самалтау”, Бақыт Ілиясов “Журавли”, Радик Синтиков “Кестелі орамал”, Мұхит Ахметов “Қазақстан” әндерін шырқады. Сондай-ақ, концертте “Қызылжар”, “Туған жер” ансамбльдері, “LaScala” дуэті, Асхат және Динара Таушевтар, Светлана Логвиненко, Мұрат Бекжанов, Медет Ибадуллаев, Аслан Төкен, Ілияс Қадырбай да өнер көрсетті. “Әлия”, “День Победы” сынды көпшілікке танымал әндерді нақышына келтіре орындаған Анастасия Селезнева мен Николай Колокольчиковтың өнерін ерекше айтып өткен жөн. 

– Жеңістің 75 жылдығы аясында филармонияның шығармашылық ұжымы өңір тұрғындарын өз өнерлерімен қуантуда. 16 сәуірден бастап күн сайын өңір жұртшылығына Жеңіс тақырыбы аясында мерекелік шаралардың онлайн көрсетілімі ұсынылды. Бұл концерттер көпшіліктің көңілінен шыққанына өнерпаздар дән риза, – дей келе облыстық филармонияның директоры Ботагөз Ақмағамбетова Мәдениет қайраткері Қайырлы Ғафуровтың дирижерлік етуімен Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары және эстрадалық-симфониялық оркестрлердің орындауындағы тамаша туындылар көрермен көзайымына айналғанын жеткізді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp