«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПІРДЕ КЕМШІЛІК БОЛМАУЫ ТИІС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі темір жолдың үстімен салынып жатқан көпір құрылысының барысын тексерді. Бүгінгі таңда жол өт­келінің қаңқасы дайын. Сонымен қатар үйінді қабатын қалыптастыру, тіреу қабырғасын орнату, суағар жүйесін құру жұмыстары қарқынды атқарылуда.

Бастапқыда құрылыстың аяқталуы осы жылдың соңына жоспарланған бола­тын. Алайда бас мердігердің жауапсыздығы мен заңнама нормаларын бұзуы салда­рынан қалалық әкімдік келісімшартты бұзды. Осы факт бойынша материалдар құ­қық қорғау органдарына жолданып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Енді құрылыс жұмыстарын «Құрылыс Сервис» ЖШС аяқтайтын болады. Ны­санды қалпына келтіруге 40-тан астам маман мен 30 техника жұмылдырылған. Құ­рылыстың сапасы басты назарда, техникалық қадағалауға алынған.

Асфальт жабындысын төсеу, аумақты көгалдандыру келесі жылы аяқталады. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың жазына белгіленген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp