«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көпір сыр берді

    

Қала мен Жұмысшы кентін жалғастыратын көпір осыдан алты жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, осы кезге дейін жұртшылыққа мінсіз қызмет көрсетіп келген болатын. Енді кемі 15-20 жылға сапалық кепілдеме берілген өтпежол аяқ астынан сыр беріп, қақ ортасында жас баланың басы сыйып кететіндей жарықшақ пайда болды. Оған тұрғындар да, жүргізушілер де алаңдаулы. Бұл учаскеде әрлі-берлі ағылған жүргіншілер мен көлік ағынында еш тыным болмайтындықтан, ақаудың ақыры қайғылы жағдайларға ұласып кете ме деген қауіп жоқ емес.

   Жұртшылықтың шағымы бойынша оқыс оқиға орын алған жерге тәртіп сақшылары, тұрғын үй-коммуналдық шаршуашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері келіп, мән-жаймен жете танысты. Прокуратура, полиция, лицензиясы бар жобалау ұйымдарының қатысуымен участок аумағына сараптама жасалды. Нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттар рәсімделгеннен кейін көлемі аса ауқымды, тіпті көпір астынан өтіп бара жатқан пойыздар көрінетін жарықшақты қалпына келтіру жөнінде ұйғарымға келді.
Көпір жабылмайды, қалыпты жұмыс режімін одан әрі жалғастырады. дамдардың қатынауына, автокөлік қозғалысына еш кедергі жоқ. Жыл аяғына дейін нысанға орташа жөндеу жүргізіледі.
Күні-түні тіршіліктің қазаны қыж-қыж қайнап жататын көпір осыдан 60 жыл бұрын салыныпты. Содан бері үстіңгі бетіндегі асфальт жабындысы ғана ауыстырылыпты. 2014 жылы жарты млрд. теңге қаржы жұмсалып, қайта жаңғыртылғанымен, жұмыс сапасында көлденең көз біле бермейтін бір шикілік жатқан секілді.

 

Сурет: https://www.inform.kz/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp