«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПІР ТАҒЫ ЖАБЫЛДЫ

Өткен жылы облыс орталығының Караван көшесі бойындағы көпір жабылып, қайта жаңарту жұмысы жүргізілген болатын. “А.Рязанов атындағы №25-ші көпір құрылысы отряды” ЖШС-і бөлінген 567,7 миллион теңгені төрт айда игеріп, көпірді мерзімінен бұрын іске қосқан еді.

Сол кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты көпірдің жылу қондырғысы жіктеріне қатысты және оның металл, бетон қондырғыларын сырлау жұмыстары атқарылмай қалғанды.

Міне, осы себепті көпір 21 тамыздың түнінде жабылып, қатынас толықтай тоқтатылды. Бұл жұмыстарды тындыруға 7 күн белгіленіп отыр. Көпір алдағы сенбі, 29 тамыз күні қайтадан ашылады. Жөндеу жұмыстары күндіз-түні атқарылады.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp